Бел ортасында

lat: Bel ortasynda

1. Кісі жасының белгілі шамасы. Белгілі бір мүшел жастың орта тұсы. Мұстафаның әкесі Мәулен - тоқсанның бел ортасына шыққан қуатты шал («Лен. жас»), 2. Нағыз қайнаған жерде, қызған жерінде, қақ ортасында. Ол бұдан жиырма жыл бұрын орыстың ұлы өзені бойындағы Волгоград түбінде от-жалынның ішінде, өмір мен өлім шайқасының бел ортасында жүрген, ажал аузында талай болған адам («Комм. таңы»).